Бостандық аудандық сотында Іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу» атты семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Елбасымыздың жолдауларында атап айтылған мемлекеттік тілдің даму маңыздылығын жетекшілікке ала отырып, Алматы қаласы Бостандық аудындық сотында мамандардың қатысуымен «Іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу» атты семинар сабағы өтті.

Семинар барысында Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» заңының маңыздылығы мен мәні айқындалды. Мемлекеттік тілдің дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік тілдің мәртебесі, оның қолдану аясы, мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу мәселелері талқыланды.

 Ерекше назар жоғары тұрған соттар және мемлекеттік органдармен кәсіби хат алмасу, оның ерекшеліктері, стилистикасына аударылды.

Семинар барысында өз баяндамаларын сот мамандары Д.Мырзабеков пен Н.Мирсеитов оқып өтті. 

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының баспасөз қызметі