Билік өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 378-бабының 1 бөлігімен, (билік өкiлiн қорлау), 379-бабының 1 бөлігімен (билік өкіліне бағынбау), 380-бабының 1 бөлігімен (билік өкiлiне қатысты күш қолдану), айыпталған А.Шаймерденге қатысты қылмыстық ісі қаралып бітті.

2017 жылдың мамыр айының 1 жұлдызында таңғы сағат 5.50-де, алкогольдік еліту мас күйінде болған «Тойота» маркалы автокөліктің жүргізушісі А.Шаймерден жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің заңды тоқтатуына бағынбай қашып, бірақ ақыры полиция қызметкерлерімен Жароковпен Шевченко көшелерінің қиылысында ұсталды.

Өзінің мас күйде автокөлікті айдағанының әшкереленуінен қорыққан А.Шаймерден артынан келе жатқан автокөлікпен жол көлік оқиғасына ұшырады.

Автокөліктен шығып, А.Шаймерден өзін тоқтатқан полиция қызметкерлерін балағаттады.

Полиция қызметкерлерінің өзімен медициналық куәландыруға баруына қарсылық білдіріп, қызметкерді жұдырығымен бет әлпетінен соққы жасады.

Сот отырысында А.Шаймерден, тағылған айыпты толығымен мойындады.

Сот үкімімен А.Шаймерден ҚР ҚК-нің 378-бабының 1 бөлігімен, 379-бабының 1 бөлігімен, 380-бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баптар бойынша 100 айлық көрсеткіші бойынша айыппұл, 100 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

ҚР ҚК-нің 58 бабының 2 бөлігімен онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы түпкілікті 2 жыл бас бостандығын шектеу 200 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы аудандық соты