Бастықтың бұйрығын орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК 652  бабы 6 бөлігі бойынша (ҚР әскери қызмет саласындағы заңнамасын бұзу)  О.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Курсант О., 07.01.2017 жылы шамамен 15:30 сағатта Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институт аумағын ешбір рұқсатсыз өз еркімен тастап кетіп, әскери қызмет уақытын өзінің қалауынша өткізген.

Аталған факті бойынша О.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 652-бабының 6 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Сот қаулысымен  О.  екі  тәулік  мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметі