Бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 192-бабының 1-бөлігімен (қарақшылық) айыпталушы Т- га қатысты қылмыстық іс қаралды.

06.06.2017 жылы сағат 18.50 шамасында А., Алматы қаласы, Ақсай-2 ықшам ауданында орналасқан «Альбатрос»  дүкеніне кіріп сатушы Т-ғапышақты кезеп, денсаулығына қауіпті күш қолданамын деп қорқытып, ақшасын алып оқиға болған жерден бой тасалаған.

Сот отырысында сотталушы А. кінәсін мойындады.

Сот үкімімен, А. ҚР Қылмыстық Кодекстің 192 бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танып, оған осы баппен 3 (үш) жыл бас бостандығынан айыружазасы тағайындалды.

ҚР ҚК-нің 63 бабы қолданылып, тағайындалған 3 (үш) жыл бас бостандығынан айыру жазаны шартты деп санап, бас бостандығынан айырудың барлық тағайындалған мерзіміне пробациялық бақылау белгіленді.

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов аудандық соты