Банктің талабы қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Altyn Bank» АҚ-нің жауапкер А.-дан қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, 05 қазанда 2011 жылы «Altyn Bank» АҚ және А. арасында несие шарты жасалынған, оның шарттары бойынша жауапкерге 3 000 000 теңге көлемінде қарызды қайтару, жедел, мақсатты пайдалану шартымен берілген.

Жауапкер қарызды және сыйақыны қайтура бойынша өзіне алған міндеттерін тиісті түрде орындамаған, осыған байланысты 11.01.2017 жылға оның қарызы 3 223 662 теңге 23 тиынды құраған.

Қарыздың бар болуы, талапкердің ұсынған құжаттары, оның ішінде қарыз шарты, қарыз есебі және басқа да құжаттармен дәлелденеді.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының Медеу аудандық соты