Банк заемы шарты бойынша қарыз сомасы өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер «Қазақтан Халық жинақ банкі» АҚ-ның жауапкер К.- ға банк заемы шарты бойынша берген қарыз соманы өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

2012 жылдың 08 қарашасында жасасқан банк заемы шарты бойынша,  жауапкер  жылына 17 % сыйақы мөлшерлемесімен 48 айға бөліп төлеу шартымен 1 500 000 теңгені қарызға алды.

Жауапкердің өзіне жүктелген міндеттемелерді орындамауына байланысты, келісім шарттың талаптары бұзылды.

Сотпен анықталғандай, 2017 жылдың  13 сәуірінде жауапкердің банк алдында қарыз сомасы  1 417 127, 87 теңгені құрайды.

Соттың шешімімен талапкер «Қазақтан Халық жинақ банкі» АҚ-ның жауапкер К. - ға берген қарыз сомасы өндіру туралы  талап арыз толық көлемінде қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енбеді.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу аудандық соты