Балаларды асырап бағу үшін алимент өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер: С.Ф., жауапкер Р.Б.-қа берген жоғарғы оқу орындарында іштей жүйеде оқитын балаларына қатысты алимент өндіру туралы талап арызы қаралды.

Азаматтық істі қарау барысында  талапкер мен жауапкер арасында  келісілген   дауды медиативтік жолмен шешу туралы жазбаша  арыз сотқа келіп түскен.

Келісім бойынша жауапкер 2018  жылдың сәуір айының 01-і жұлдызына дейін  568 500 теңге құрайтын сомада,  жоғарғы оқу орнында іштей жүйеде  оқитын балалардың оқуына төлеу үшін алимент  төлеп отыруға міндеттеледі.

Дауды медиативтік жолмен шешу туралы келісім жазбаша түрде жазылып тараптар арасында қол қойылған.

Сот ұйғарымымен тараптар арасында дауды медиативтік жолмен шешу туралы келісім бекітіліп, істі бойынша өндіріс қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының баспасөз қызметі