Азаматтық іс медиация тәртібінде қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында медиация тәртібінде азаматтық іс қысқартылды.

Талапкер М.С.  жауапкер М.Н.-ы ата-аналық құқығынан айыру туралы азаматтық талап арызымен сотқа жүгінген.

Іс материалдарында жауапкердің алимент төлеу бойынша қарызы бар және баламен араласу кестесін бұзатыны көрсетілген.

Сот отырысы барысында тараптар дауды медиациялық келісім тәртібінде реттеуге талап-тілектерін білдірді.

ҚР «Медиация туралы» Заңының 27 бабын қолданып судья медиатор медиациялық келісім бекітті. 

Источник: 
Алматы қ. кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандындырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі