Азаматтық іс бейбіт жолмен шешу туралы келісіммен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер: «Казавиаспас» АҚ-ның жауапкер:  В.С.-ға берген талап арызы бойынша біліктілікті арттыруға байланысты оқуға кеткен шығынды өндіру және қарсы талап бойынша В.С.-ның «Казавиаспас» АҚ-на берген,  жұмыстан босатылуына байланысты өтемақы өндіру, біліктілікті арттыру үшін  дайындалған келісім шартты заңсыз деп тану, айыпақыны және сот шығынын өндіру туралы  азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істі қарау барысында  тараптар келісілген дауды бейбіт-бітімгершілік  жолмен шешу туралы жазбаша  арыз сотқа келіп түскен.

Аталған бейбіт-бітімгершілік келісімі тараптар арасында қол қойылған,  бейбіт-бітімгершілік шарттары заңға қайшы келмейді, тараптардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайды.

Бейбіт-бітімгершілік келісімінде көрсетілген шарттар  бойынша  талапкер жауапкерді «Казавиаспас» АҚ-на  жұмысқа қабылдайды, жауапкермен еңбек келісім шартына отырады. Еңбек келісім шарты біткенше жазғы біліктілікті арттыру курсына кететін шығынды өз қаражатынан төлейді. Жауапкер 10 күн ішінде  жазғы мезгілде жұмыс істей алатынын  дәлелдейтін медициналық анықтама қағазын алып келуге, еңбек келісім шартына отыруға, біліктілікті арттыру курсын өз қаражатынан өтуге, еңбек келісім шарты біткенше өзіне жүктелген міндеттерді орындап, жұмыс кестесін және  жұмыс тәртібін сақтауға міндеттеледі.

Сот ұйғарымымен бебіт келісімі тараптармен бекітілді. Іс бойынша өндіріс қысқартылды.   

Ұйғарым заңды күшіне енген.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының баспасөз қызметі