Айыптау үкімі шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алатау  аудандық сотында Қазақстан Республикасының  қылмыстық кодек 190 бабы 2 бөлігімен айыпталған Р.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, Р. жәбірленушілердің сеніміне қиянат жасау арқылы, құқық қорғау органдарына жұмысқа тұрғызамын деп алдап У.-ң 480 000 теңгесін А.-ның 520 000 теңгесін жымқырған.

Сот үкіміне сәйкес Р. Қазақстан Республикасының  қылмыстық кодек 190 бабы 2 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Алатау аудандық сотының баспасөз қызметі