Авторлық құқық объектісін заңсыз қолдану бұзушыдан көрсетілген құқықтарды бұзудың нәтижесінде алған табысын өндіруге әкеліп соғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «iS» ЖШС-нің жауапкер «СК «D» ЖШС-нен авторлық құқықты бұзу нәтижесінде алған табыс сомасын өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталғаны, жауапкер «СК «D» ЖШС-гі «ҚазАвтоЖол» АҚ-на электрондық құжат айналым жүйесін орнықтырып берген, сол туралы сәйкес келісім шарт жасап және сол боынша келісілген төлемді алған.

Бірақ, сот отырысында сараптама жолымен анықталды, жауапкер көрсетілген электронды құжат айналым жүйесінде авторлық құқық объектісінің бастапқы мәтінін – «Тенгридок» ЭЕМ-на арналған бағдарламаны талапкердің келісімінсіз пайдаланған, талапкер көрсетілген авторлық құқыққа ерекше мүліктік құқық иеленушісі болып табылады.

ҚР азаматтық заңнамасына сәйкес, ЭЕМ-на үшін бастапқы мәтін бағадарламаның оның құрамдас бөлігі ретінде авторлық құқықты қорғауға таралады және оны заңсыз пайдалану жағдайында, авторлық құқықты сәйкес иеленуші оны қорғау үшін сот тәртібімен авторлық құқықты бұзу нәтижесінде бұзушы алған пайданы өндіруге құқылы.

Осыған байланысты, істі қарау нәтижесі бойынша  сотпен шешім қабылданды, «iS» ЖШС-нің «СК «D» ЖШС-нен авторлық құқықты бұзу нәтижесінде алған табыс сомасын өндіру туралы арызын толық көлемде қанағаттандыру туралы.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі