Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 345 бабының 1 бөлігімен (автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы) айыпталған С-ке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай 24 маусым 2017 жылы сағат 12.00 шамасында С. Алматы қаласы Габдуллин көшесі бойымен батыс бағытта Жароков көшесінің қиылысында, «TOYOTA AVENSIS» маркалы автокөлікті басқарып келе жатып, көлік қозғалысы жағдайының қауіптілігіне қарамастан Қазақстан Республикасы Жолда жүру қағидаларының 10,1 және 13,1 бөліктерінің талаптарын сақтамай, яғни назарын арттырмай, қауіпсіздік шараларын қолданбай, жылдамдығын жол жағдайына байланысты сақтамай, солға бұрылыс кезінде Жароков көшесі шығыс бағытта өтіп бара жатқан жаяу жүргінші П-ны соғып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан П-ның денсаулығына ауырлығы орташа зақым келген.

Сот отырысында С. өзіне тағыылған айыпты толық мойындап, шын жүректен өкініш білдірген.

Сот үкімімен С. Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 345 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, осы бап бойынша 35 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, 79415 теңгеге айыппұл салынып, 1 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты