Автокөлікті сұратып алу туралы дауды медиация тәртібінде реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер  К.-ның жауапкер Т.-ға  қатысты автокөлікті сұратып алу туралы азаматтық іс қаралды.

Азаматтық істі қарау барысында  тараптар келісілген   дауды медиативті  жолмен шешу туралы жазбаша  арыз сотқа келіп түскен, келісім бойынша талапкер К. жауапкер  Т.-ке берген талап арызынан толығымен бас тартады, жауапкер  Т. 2017 жылдың  сәуір айының 30-ы жұлдызына дейін «MG» маркалы автокөлікке қатысты барлық әкімшілік айыппұлдарды және салықты төлеуге міндеттеледі.

Тараптар  2017 жылдың мамыр айының 31 жұлдызына дейін  «MG» маркалы  автокөлікті бірігіп рәсімдеуге келісілді.

Сот ұйғарымымен аталған келісім медиация тәртібінде реттелді.

Ұйғарым  заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу аудандық сотының баспасөз қызметі