Аса салмағында есіртке затын сақтап, өткізгені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-баптың 3-бөлігі 1,3-тармақтарында көзделген қылмысты жасаған М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды (есірткі заттарының заңсыз айналымы).

Сотпен анықталғандай, 2017 жылдың қаңтарында «Зафар», «Ходжи», «Сонат» есімді тұлғалардың тапсырмасы бойынша сотталушы М. тергеумен анықталмаған, оған қатысты материалдар жеке өндіріске шығарылған тұлғамен бірге алдын-ала сөзбайласып «Алтын-Орда» базары ауданында анықталмаған тұлғалардан салмағы 7 кг. 114,41 гр. 15 орамадағы «героин» есірткі затын сатып алып, оны 2017 жылдың 19 ақпанында енгізілген Алматы қаласының ұлттық қауіпсіздік Басқармасының жедел-іздестіру қызметкері Ж.-ға өткізген.

Сот үкімімен М. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-баптың 3-бөлігі 1,3-тармақтарымен мүлкі тәркілене отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің толық қауіпсіз мекемелерінде өтеу  белгіленді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 51-бабына сәйкес сотталушы М. негізгі жазасын өтегеннен кейін Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жіберіліп, Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне бес жыл мерзімге тыйым салу белгілене отырып, мәжбүрлеу тәртібімен орындалады.

Сот үкімі заңды күшіне енбеді.

Источник: 
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты