Аса ірi мөлшерде қорқытып алу үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Б. азаматшасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігі 2)-тармағымен кінәлі танылып, оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы мүлкі тәркілене отырып тағайындалды. Жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеу белгіленді.

Сот үкімімен сотталған жәбірленуші Т.-ның беделіне нұқсан келтiруi мүмкiн мәлiметтердi тарату қатерімен одан 33 000 АҚШ долларды қорқытып алғандығы және талап етілген соманы беру уақытында ұсталғандығы анықталды.

Сотталғанның жынысы бұрын «ер» танылып және сот отырысының барысында оған қатысты жеке тұлғаны куәлік ететін құжаттар қайта рәсімделіп, қазір ол «әйел» рет3нде танылатындығын атап өту қажет.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі