Аса ірі көлемдегі ақша қаражатын заңсыз талан-таражға салды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Әуезов аудандық сотында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 189-бабының 4-бөлігі 2 тармағымен (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) қылмыс жасаған айыпталушы А. қатысты үкім жарияланды.

Сотталушы А., 01.09.2015-10.11.2015 жылғы кезеңінде өзінің жұмыс орнында болған уақытта, оның есебіне сеніп тапсырылған Серіктестік мүлкінің және ақша сақталуын қамтамасыз ететін материалдық-жауапты тұлға болып табылады екенін біле отырып, сондай-ақ 01.09.2015 жылғы лауазымды міндеттерін атқара отырып, ақша сомаларын қабылдау, есепке алу, беру, сақтау істерін жүзеге асырды. Заңға қайшы, пайдакүнемдік ниетпен әрекет ете отырып, өзінің материалдық жағдайын жақсартуға ұмтылып, сақтауға қабылданған 4505945,82 ақша сомасын заңсыз талан-таражға салып, аталған ақша қаражаттарын өзінің жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Сот отырысында сотталушы А. кінәсін толығымен мойындады.

Сот үкімімен сотталушы Н. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің189 бабының 4 бөлігі 2 тармағымен айыпты деп танып, оған осы баппен 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

2016 жылдың 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 4-ші бабы 1 бөлігі 4 тармағына сәйкес, сотталған  Адамбаеваға тағайындалған бас бостандығынан айыру жазаның өтелмеген бөлігінің жартысы қысқартылып өтеуге 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Айыпталушы А.-ға пробациялық бақылау белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының Әуезов аудандық соты