Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен (адамды өлтiру) айыпталған К.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай,  2017 жылдың 21 маусымында ұзақ уақыт бойы ешқайда жұмыс істемеген, спиртті ішімдіктермен қиянат еткен және соған байланысты өзінің әкесімен шиеленіскен қатынаста болған сотталушы К. масаң күйде бола тұра, өзінің әкесінің үйіне келіп, қолына асханалық пышақты алып, кейін анасынан әкесі бақшада екендігін біліп алып, «прости, папа» (аудармасы: «кешір, әке») деген сөздермен қасақана өлтіру мақсатымен қолындағы пышақпен жүрегіне меңзеп соққан. Сотталушаның әрекетінің нәтижесінде жәбірленуші сол жерде қайтыс болды.

Сотта жауап алынған К. өз кінәсін толық мойындады.

Сот үкімімен К. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен 9 жылға бас болтандығынан айырылды. Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 91,98-баптары негізінде алкоголизмнен жазасын өтеу мекемесінде мәжбүрлі түрде емдеу тағайындалды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің толық қауіпсіз мекемелерінде өтеу  белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енбеді.

Источник: 
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты