Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен (адамды өлтiру) айыпталған С.-қа қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды.

Сотпен анықталғандай, 2017 жылдың 27 мамырда С. З.-мен бірге жапсарлас құрылыстың ішінде арақты ішкендері анықталды. Ішу барысында З. әрдайым өзінің наразылығы мен балағат сөздерді С-қа қатысты айтқан, өз кезегінде сотталушы қымыздықты турап жатқан пышақпен агрессивті жауап беріп, оны көкірек қуысынан екі рет қаттар соққан. Алынған жарақаттардан З. сол жерде қайтыс болды.

Кейін сотталушы З. қылмыстың іздерін жасыру мақсатында З.-ның мәйітін бөлшектеп, оны алдын ала дайындалған  шұңқырға көмбекші болған.

Сот үкімімен  С.-қа  Қазақстан Республикасының ҚК-ң 99-бабы 1-бөлігімен 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу  белгіленді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 91-бабы 1-бөлігі 4-тармағына және 98-бабы 2-бөлігіне сәйкес оған жазасын өтейтін мекемеде алкоголизмнен мәжбүрлі түрде емдеу тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енбеді.

Источник: 
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты