Арызданушы іс жүзінде мұраны қабылдаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотында арызданушы А.-ның мұраны қабылдау фактісін анықтау туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, арызданушының әкесі 2010 жылдың қыркүйек айында қайтыс болды, қайтыс болған соң жер тұрғын үй түрінде мұра ашылды.

Мүдделі тараптар С. және В. Өз үлестерінен бас тартып, оның пайдасына өз үлестерін берді және басқа мұрағарлер жоқ. Арызданушы А. мұрагерлік қабылдауға құқық куәлігін беру туралы арызбен жүгінген. Бірақ, нотариус заңда көрсетілген уақытта арыз берілмгендіктен куәлік беруге бас тартқан.

Арызданушы  А. сот отырысы кезінде әкесі қайтыс болғаннан кейін осы үйде бүкіл отбасымен тұрып жатқанын айтып, яғни іс жүзінде мұраны алдық деп түсіндіріп, мұраны қабылдау фактісін анықтау туралы арызын қолдады.

Сот арызданушының арызын қанағаттандырды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы ауданы№2 аудандық соты