Арыз талап қоюдың мерзiмi өтіп берілген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының №2 Әуезов аудандық сотымен талапкер М-нің жауапкер Б.-дан келісім шарт бойынша қарызды өндіру туралы талап арызы боынша азаматтық іс қаралды. 

Жоғарыда атап өтілген талап арызбен талапкер М. сотқа жүгініп, өз талап арызын келесідей мән жайлар мен негіздеді: 29.10.2007 жылы талапкер мен жауапкер арасында қарызға ақша алу туралы келісім шарт жасалған, оның негізінде жауапкер талапкерден 2 420 000 теңге ақшаны 29.11.2007 жылға дейін қайтаруға міндеттенген, ол келісім шарт нотариуспен бекітілген. Талапкердің айтуы бойынша көрсетілген мерзімде жауапкер қарыз ақшаны қайтармағанын, ерікті түрде қарыз ақшаны қайтару туралы ұсынысқа, соңғысы қайтарып беремін деп уәде беретінін, алайда қарызды төлеу бойынша ешқандай  шара қолданбайтынын түсіндірді. Талапкер 8 жылдан астам уақыттан бері сотқа талап арызбен жүгінбегенін қуаттайды, оны ауырғандықтан сотқа талап арызбен жүгінбегенін айтып көрсетті, алайда ауырғанын дәлелдейтін құжаттарды сотқа өткізген жоқ.

Жауапкер талап арызды мойындамай сотқа қарсы пікір өткізді, ол жерде қарызды қайтару туралы міндеттемені толығымен орындағанын. Бұл жағдай талапкердің 9 жылдам астам уақыттан бері сотқа талап арызбен жүгінбегенімен дәлденетінін көрсеткен.

ҚР АК-нің 178 бабы, 1 бөлігінде, талап қоюдың жалпы мерзiмi үш жыл болып белгiленген.

ҚР АК-нің 179 бабы, 3 бөлігінде, талап қойғанға дейiн талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуi соттың талаптан бас тарту туралы шешiм шығаруына негiз болады делінген.

Сот шешімімен талап қанағаттандырусыз қалдырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық соты