Алматыда Кар Ильясқа үкім жария етілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен Ильяс Кар, 2018 жылдың 29 желтоқсанында, алкогольдік мас күйінде, көлік нәрсесі (средство), маркасы «Мерседес Бенц G55» автомашинасын жүргізе отырып, Алматы қаласында Абай даңғылында, жол қозғалыс ережелерін, атап айтқанда ЖЖЕ 10.1-п. бұзып кінәлі болып танылған – жол ахуалын ескере отырып, алдын ала абай болу шараларын көрмеген, 94 км/с жылдамдықпен қозғалып, қауіпсіз жылдамдықты таңдамаған, яғни 60 км/с- белгіленген жылдамдық режимін асырумен қозғалған, ЖЖЕ 5,2,5-п. бұза отырып, бағдаршам тыйым салатын қызыл сигналына шығып кеткен және абайсыздықтан, қиылысқа бағдаршам рұқсат беруші жасыл сигналына шыққан, көлік жүргізуші Бақытнұрдың басқаруындағы, маркасы «Митцубиси Галант» автокөлігімен соқтығысуға жол берген. «Мерседес Бенц G55» автокөлігімен соқтығысудан «Митцубиси Галант» инерциямен бағдаршам бағанасының тірегіне соғылған және сол жақ қырына аударылып түскен. Көлік жүргізуші Кар Ильястың кінәсінен болған ЖКК нәтижесінде, алынған дене зақымдарынан оқиға жерде «Митцубиси Галант» автокөліктің жолаушылары, яғни үш адам қаза болған. Олар көлік жүргізуші Бақытнұр және жолаушылар Д.Хамитова мен Ш.Габдульмулинова, сонымен қатар  тағы бір жолаушы А. Сатыбалдиева ауыр дене зақымын алған. ЖКК нәтижесінде, «Митцубиси Галант» жеңіл автокөлігінің жолаушылары зардап тартқанына көз жеткізіп, сотталған И. Кар ЖЖЕ2.1.8-п. Талаптарын бұза отырып, зардап тартқандарға медициналық көмек көрсету немесе медециналық мекемеге жөнелтуге шара жасамаған, болған жағдай туралы полицияға хабарламаған, оқиға болған жерден жасырынып кеткен.

Ильяс Кар алкогольдік мас күйінде болу фактіні теріске шығарған. Алайда, сотпен, 2018 жылдың 28 желтоқсанында 21.00 сағаттан бастап, «Дархан» кафесінде бола отырып, ол шамамен 2018 жылдың 29 желтоқсаны сағат 01.00 шамасында, алкагольдік сусындарын ішкені анықталған, одан кейін алкогольді «Гранд Опера» караокесінде таңертең сағат 05.00 дейін алкогольдік сусындарды ішуді жалғастырғаны анықталған.

Сот үкімімен Ильяс Кар Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айырылған.

Қылмыстық кодексінің 347-бабымен кінәлі деп танып, оған 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Кодексінің 58-бабының 1,2-бөліктерінің негіздемесінде қатаңдау емес жазаны қатаңдау жазаның жалмауы арқылы біржолата, Кар Ильясқа көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айыру мен 10 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалған, жаза қылмыстық-атқарулық жүйенің минимальді қауіпсіздік мекемесінде  өтеледі.

Сот үкімімен сотталғаннан 3 жәбірленушінің әр қайсысына пайдасына 3 миллион теңгеден моральдік зиянның орынын толтыру есебіне және жәбірленуші Хасенованың пайдасына 2 893 272 теңге  материалдық зиян өндірілген. Жәбірленуші Елгезековке, Қанапия және Алдибековке материалдық зиянның орның ерікті түрде сотталғанның туыстарымен өндірілді.

         Жазаны тағайындау кезінде сот үкімімен, іске асырылған құқық бұзушылықтың салдарынан- үш адамның қазаға ұшырауы және бір адамның денсаулығына ауыр зардап келтірілгені ескерілген. Қылмыстық жауаптылықпен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде, Кар Ильяспен көлік құралын алкогольдік мас күйінде басқаруын таныды.

         Сотталғанның кінәсі маманның түйінімен, куәгерлердің жауаптарымен  және істің материалдарымен дәлелденген.

Сот үкімі заңды күшіне енбеді.

 

Іс бойынша Полиция департаментінің бастығына және Алматы қ. прокурорына, сотқа дейінгі тергеудің барысында жол берілген бұзышылықтар және тергеуге тиісті қадағалаудың жоқ болуы фактілері бойынша жеке қаулылар шығарылған.

 

 

 

 

Источник: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі