Алматы қаласының Медеу ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты ірі мөлшерде ұрлық жасағаны үшін К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, 10 қыркүйек 2016 жылы шамамен түнгі сағат 02.00-де сотталушы К.,  Алматы қаласының Достық даңғылы, 123/3 үйінің жанында болып, оның әрекеттеріне ешкімнің бақылап тұрмағанына көзі жетіп, арматураның бір кесегін тауып,онымен гараждың кіре беріс есігін сындырып, қоймаға заңсыз кіреді.  К. гараждың ішінде болып жәбірленуші Д.-ның көк түсті, «Honda» маркілі бағасы 2 044 000 теңге тұратын мотоциклін  көреді. Қажетті құрал-сайманы болмағандықтан, К. сөреде жатқан бұрауышты алып, оның көмегімен  мотоциклдің оталдыру кілтін сындыру  көмегімен мотоциклдің двигателін жүргізеді.  Содан соң К. гараждан шығып, бөтеннің мүлкін ұрлап Алматы қаласының Кеңсай саяжайындағы иесіз үйге келіп, сол жерде өзінің ұрлаған мотоциклін қалдырады. К. сөйтіп, мотоциклді 150 000 теңгеге өткізіп жібереді.

Сот отырысы барысында К. өз кінәсін мойындады.  

Сот үкімімен К. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен және Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 64 бабының 5 бөлігіне және 60 бабына сәйкес К.-ға түпкілікті мүлкі тәркілеумен жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеумен, 3 жыл 7 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Алматы қаласының Медеу ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі