Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен бітімгершілік шартпен дауды реттеді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  талапкер  «Машзавод» ЖШС  жауапкер   «Институт высоких технологий»   ЖШС –нен  қарыз  сомасын  өндіру  және  өсімпұл бойынша  бітімгершілік шартпен  дауды  реттеді.

Азаматтық іс материалдарынан анықталды,    «Машзавод»  жауапкер   «Институт высоких технологий»  ЖШС –нен  24 999  999  теңге қарыз сомасын  өндіру  туралы, 2 499 999,9 теңге өсімпұл, сонымен  қатар  мемлекеттік баж  бойынша  шығындарын  өндіру  туралы  талап  арызбен сотқа  жүгінді.

Тараптар  сот  отырысына  дайындық  барысында істі бітімгершілік  шартпен  шешуді  дұрыс  деп  санады.

Бітімгершілік  шарт  бойынша,    жауапкер  талапкерге  негізгі  қарыз  сомасын  төлеуге міндеттеді, ал  талапкер  өсімпұлды  өндіруден  бас  тартты.  Тараптар  бітімгершілік  келісімнің  шарттарын  қабылдай  отырып,  істі  тоқтату  туралы  өздерінің келісімдерін берді.

Сот  ұйғарымы  бойынша  тараптар арасында  бітімгершілік  шарт  бекітілді, азаматтық іс  жүргізу тоқтатылды.

Сот  ұйғарымы  заңды  күшіне  енді.

Источник: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты