Алматы қаласының КТІЖМА сотында «қылмыстық және азаматтық істер бойынша Молекулярлық – генетикалық сараптама мүмкіндіктері» атты тақырыпта семинар-дәріс өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жеке сот-сараптамашы Сыздыкбекова А. қылмыстық және азаматтық істер бойынша «Молекулярлық – генетикалық сараптама мүмкіндіктері» бойынша семинар-дәрісін  өткізді.

Семинар сабағында сот төрағасы Ж.Кәрібаев, судьялар Садырова Қ., Баймурзина А., кеңсе менгеруші Ғ.Рахманқұлов, сот мамандары, «ТриГен» молекуляр – генетикалық зертхана басшысы Б.Искалиева, зертхана меңгерушісі В. Белоусов қатысты.

Семинар сабағында жеке  сот-сараптамашы Сыздыкбекова А. зертхана қызметі туралы айтып берді, сонымен қатар келесі басты сәттерді түсіндірді: тағайндау, жасау және сараптаманы өткізу уақыты; молекулярлық – генетикалық сараптаманы жеке сот-сараптамашымен өткізудін пайдасы, ер және әйел желісі арқылы тұыстықты орнату, сондай-ақ молекулярлық – генетикалық зерттеу объектілері, зерттеуге алу және сақтау шарттары.

Осы семинар сабақта судьялар және сот мамандары молекулярлық – генетикалық сараптама мүмкіндіктері туралы білді. 

Источник: 
Алматы қ. кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандындырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі