Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 10 жылдығы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 10 жылдығын атап өту мақсатында судьялар мен сот қызметкерлерінің, арнайы шақырылған қонақтар - прокуратура, Алматы қалалық білім басқармасының, мамандандырылған ювеналдық кеңестің өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Сот төрағасы мерекелі дөңгелек үстелді ашып, судья Қ.М.Садыроваға сөз берді. Ол өз баяндамасында соттың бүгінгі күнге дейінгі құрылу тарихы мен мақсатын, соттың алдына шешу үшін қойылған мәселелер және оның шешілу жолдары айтып өтті.

Қонақтардың қатысуымен қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың дұрыс жолға түсіру мен оларды қайта тәрбиелеу, ювеналдық жүйеге азаматтардың сенімін арттыру, жалпы ювеналдық жүйеде жиі кездесетін құқық бұзушылықтарды азайту бойынша жүргізілген жұмыстарға қатысты сұрақтар талқыланды.

Источник: 
Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты