Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ашық есік күні өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдинетті көтеру,  азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін көтеру, мақсатында БЗТ «Бірлескен дағдарыс орталығы»    өкілдерінің қатысуларымен  «ашық есік күнін»  өткізді.

Аталған іс-шара шегінде БЗТ «Бірлескен дағдарыс орталығының»  өкілдері мен судьяларға А.А. Сабутов, А.У. Мухамедиева, Д.С. Жусанбаев, Г.К. Калиакбарова, Д.К. Жаркимбеков, Е.А. Сотникова, И.В. Боразина, Қ.К. Нусупбаева, Т.В. Кушеева, А. С. Уалиева  неке және отбасылық заңнамамен реттелетін туындаған сұрақтармен, кәмелетке толмаған балаларды  бағу үшін алимет өндіру және сот актілерінің орындалуы, әкелікті таныту,  ата-аналық құқықтан айыру туралы  сұрақтармен жүгінді.

Сот судьялары мен БЗТ «Бірлескен дағдарыс орталығының» өкілдері қолданыстағы заңнама нормалары негізінде  жауап берді.

Сондай-ақ, келушілерге БЗТ «Бірлескен дағдарыс орталығының» өкілдерімен  12.07.2017 жылы Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар Басқармасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары үшін дағдарыс орталығының»  ҚМБ жеке кабинеті ашылғаны, онда көзбе-көз заңды және психологиялық тегін кеңестер алуға болатыны,  жасырын сенім телефонымен (150 нөміріне) хабарласып ақпарат алу бойынша оларға тәуліктің кез-келген уақытында қызмет көрсетілетіндігі  жөнінде  жеткізілді.      

Аталған іс-шаралар халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдинетті көтеру,  азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін котеру, сондай-ақ, әділдікке қолжетімділік мақсатында өткізіледі.

Источник: 
Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты