Алматы қаласының Алатау аудандық сотында жиналыс өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алатау аудандық сотында судьялыққа тағылымдамадан өтуші кандидаттардың есебін тыңдау мақсатында жиналыс өтті.

Отырысқа аудандық соттың төрағасы және ауданның судьялары қатысты.    

Күн тәртібінде үйлестіруші судьялардың кандидаттардың тағылымдамадан өтуін жалпы үйлестіру, бақылау жұмыстарын жүргізу тәртібін белгілеу және судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өтуі  бойынша  тоқсан  сайынғы  есептерін тыңдау мәселелері қаралды.

Шара барысында судьялыққа тағылымдамадан өтуші кандидаттар өздерінің  жеке  жоспарлары бойынша  жазбаша есептерін баяндады.

Жиналыс қорытындысы бойынша судьялыққа тағылымдамадан өтуші кандидаттарға тағылымдамадан әрі қарай өтуі үшін келешекте ұсынылатын есептері бойынша жұмыс жасауға бағыт-бағдар беріліп, ұсыныс-пікірлер айтылды.

Қайнар: 
Алматы қаласы Алатау аудандық сотының баспасөз қызметі