Алматы қалалық сотында сот актілерін орындаудан жалтарған тұлғаларды қылмыстық қудалау мәселесі талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қалалық сотында «Сот үкімін, сот шешімін немесе басқа да сот актілері мен атқару өндірісін орындаудан жалтарып жүрген тұлғаларды қылмыстық қудалау мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шарада Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Б.Қараманов, Алматы қаласы Жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасының басшысы С.Нұғманов, Алматы қаласы прокурорының орынбасары Ж.Бақашбаев, қалалық және аудандық соттардың судьялары, прокуратураның, ІІД-нің және Алматы қаласы әділет Департаментінің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Г.Чинибекова сот актілерін орындаудан жалтарып жүрген тұлғаларға қатысты істерді қарау туралы баяндаманы оқып, мысалдар келтірді. Баяндамадан кейін қатысушылар күрделі мәселелер мен оларды шешу жолын талқылап, статистикалық мәліметтер мен практикалық мысалдарды келтірді.

Дөңгелек үстел қатысушылары аталған санаттағы іс материалдарын сотқа жолдаудың және оларды қараудың бірыңғай практикасын жасау туралы шешім қабылдады. 

Источник: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі