Алматы қалалық сотында «Кінәсіздік презумпциясы» тақырыбында каскадтық тренинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қалалық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы Е. Даулиев өзінің алғысөзінде кінәсіздік презумпциясын қамтамасыз ету саласында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудегі қаланың сот корпусының, мемлекеттік органдардың, құқық қорғау секторының және адвокаттар алқасы өкілдерінің барынша тиімді жұмысына қол жеткізу жөніндегі тренинг міндеттерін атап өтті.

«Қадір-қасиет» ҚБ директоры А. Ибраева мемлекет пен азаматтық қоғамның ҚР-да адам құқықтарын қорғау жөніндегі күш-жігерін нығайту жөніндегі жобаны таныстырды.

Күн тәртібін талқылау панельдік сессияларда жалғасын тапты. ҚР ІІМ Алматы академиясының өкілдері Ж. Ділбарханова мен А.Кан сотқа дейінгі тергеу сатысындағы кінәсіздік презумпциясының ерекшеліктері туралы баяндады.

Алматы қалалық сотының судьясы С. Яковлева қылмыстық процестің принципі ретіндегі кінәсіздік презумпциясы, қылмыстардан зардап шеккен тұлғалар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы қылмыстық сот өндірісінің міндеттері, жеке тұлғаны заңсыз және негізсіз айыптау, соттау, оның құқықтары мен бостандығын шектеуден қорғау туралы және т.б. кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Алматы қ. Прокуратура басқармасының аға прокуроры А. Амангелдіұлы  прокуратура қызметіндегі адам құқықтарының сақталуы жөнінде пікір білдірді.

АҚАА адвокаты Ж. Күнсеркин кінәсіздік презумпциясы ұғымының практикалық аспектілеріне тоқталды.

Әрбір сессия барысында тренингтің демо-нұсқалары ұсынылып, әдістеменің жеке аспектілері шағын дәрістер, пікірталастар, кейстерді талқылау мен миға шабуыл әдісі кезінде талқыланды.
    
Тренинг соңында қорытынды пікір алмасу өтті. Кездесуге қатысушылар практикалық шешімдерді қабылдау және осындай маңызды бағытта сындарлы жұмысты қамтамасыз ету үшін шаралар әзірлеудің пайдалы әрі өзекті екенін айтып, өз ұсыныстарын білдірді.   

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі