Алматы қ. Медеу ауданының №2 аудандық сотында Алматы қаласының қаржы-құқықтық және технологиялық колледжінің студенттерінің қатысуымен «Ашық есік» күні өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу ауданының №2 аудандық сотының ғимаратында азаматтардың сот жүйесіне қол жетімділігі және ашықтығын бекіту мақсатында сот төрағасының м.а. Т.Шакиров пен Медеу ауданы прокуратурасының бөлім бастығы Д.Булгимбаевпен бірге Алматы қаласының қаржы- құқықтық және технологиялық колледжінде оқитын студенттердін қатысуымен «Ашық есік» күні өткізілді. 

«Ашық есік» күнінде сот ғимаратында студенттермен таныстыру экскурсиясы жүргізілді және ҚР ҚК нің 188 бабының 1 бөлігі бойынша К. -ға қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысына қатысты. Олар «Әділет» ҚР ның нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық құқықтық жүйесінің және «Төрелік» ақпараттық жүйесімен, сонымен қатар «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық желісінің мүмкіншіліктерімен таныстырылды. Сонымен қатар сот жүйесінде заманайы технологияларды еңгізу оның ішінде сот процесін бейне дыбыстық жазуды қолдану сот жүйесінде соттың жұмысын едәуір жеңілдетеді.

Сонымен қатар студенттерге сотта тәжірибеден өту тәртібі туралы, мемлекеттік қызетке кіру кезінде қойылатын талаптар және оларға қатысты өзге тұлғалардың қылмыстық әрекеттін жасаудан жол берему шаралары туралы түсіндірілді. 

Таныстыру кезінде студенттер өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды және олардан түпкілікті жауап алды. 

Ашық есік күні аяқталған кезде студенттер сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты жұмыспен танысқандарына өз алғыстарын айтты және бұндай кездесулер сот қызметі туралы түсінікті көз алдында қалыптастыруға және кәсіптік қызметті таңдауға көмектесетіндігі туралы айтты.

 

Источник: 
Алматы қаласының Медеу ауданының №2 аудандық соты