Алкогольдік өнімді ұрлағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен ұрлық жасағаны үшін С.А.- ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, 2017 жылдың ақпан айында сағат 11.00 шамасында С.А. және «С» и «Р» атты сотқа дейінгі тергеу органымен анықталмаған тұлғалармен ала сөз байласып, адамдар тобы болып, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау үшін гастромаркетке келген. С.А. және «С» и «Р» өздерінің іс әрекеттерін ешкім бақылап тұрмағандарына көздері жетіп, 146 000 теңге тұратын, сыйымдылығы 0,7 л. құрайтын «TheMacallan» маркілі вискиді жасырын түрде ұрлап кеткен, ал С.А. ішкі бақылау ұйымының қызметкерлерімен ұсталып қалғандықтан олардың еркінен тәуелді емес мән-жайларға байланысты қылмыс аяғына дейін жеткізілмеген.  

Сот отырысы барысында С.А. өз кінәсін толық мойындады.  

Сот үкімі бойынша: С.А. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 24 бабының 3 тармағы, 188 бабының 2 бөлігінің 1 тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы баппен және ҚР ҚК-нің 62 бабының 3 тармағының негізінде түпкілікті мүлкі тәркілеумен 1 жыл 11 айға бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалған.  

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Алматы қаласының Медеу ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі