Алатау аудандық сотында Ашық есік күні өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алатау аудандық сотында  «Ашық есік күні» өтті. Іс-шараға келген азаматтарды Алатау аудандық сотының төрағасының міндетін атқарушы М.Нурбеков  қабылдады.

«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге, шараның міндеті сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдерімен азаматтардың сауалдарына жауап беру болып табылады.

Іс-шараға Алатау ауданының тұрғындары келіп, өздерін толғаған сұрақтарына жауабын алды.

Мысалы, аудан тұрғыны А. туған апайы екеуінің жол көлік оқиғасына түсіп, апайының жарақат алғандығын, келтірілген материалдық және рухани залалды өндіру үшін сотқа талап қою арызымен шағымданғанын айтты. Сол себепті, жауапкермен келтірілген рухани залалды өндірудің тәртібі қандай екендігін білгісі келетіндігін айтып сауал қойды.

М.Нурбеков сұраушыға заң талаптарына  сәйкес, моральдық шығын өндіру туралы сот шешімінің келтірілген дәлелдемелерге негізделе отырып қабылданатындығын, дәлелдемелер толық зерттелген соң судья өзінің ішкі түйсігі негізінде моральдық шығынның мөлшерін анықтайтындығын түсіндірді.

Источник: 
Алматы қаласының Алатау аудандық соты