«Ахуалдық орталықтың жұмысына шолу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотындасот қызметкерлерімен «Ахуалдық орталықтың жұмысына шолу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Кеңсе менгерушісі Л.Есиркепова  өз баяндамасында Ахуалдық орталықтың жұмысы жайлы және жүйенің тікелей режимде тәулік бойы сот ақпаратын жинаумен талдау жүргізетіндігін айтты. Бұл жүйе нақты уақыттағы ақаулықтарды көруге мүмкіндік беріп, оларды жоюға көмектесетіндігін көрсетті. Сонымен қатар Ахуалдық орталық сот залдарында өткізілетін процесстердің өту барысын, сот актілерінің уақтылы салынуын және Төрелік жүесінде карточкалардың дұрыс толтырылуын қадағалайды.

Дөңгелек үстел соңында Л.Есіркепова ашылған қателіктерге тоқталып, оларды жою туралы және болдырмауға нұсқау берді.

Қайнар: 
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты