Адамды өлтіргені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 3),8) тармақтарымен (пайдакүнемдік ниетпен кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды өлтiру) көзделген қылмысты жасаған О.-ға қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды.

Сотпен 2017 жылдың 05 ақпанында сағат 19:00  шамасында О. күтуші болып істеген жәбірленуші Л.-дің үйіне кіріп, соңғысы өзінің ауруына байланысты дәрменсiз күйде екенiн және оған белсенді қарсылық көрсете алмайтынын біле тұрып, 50 000 теңге көлемінде ақша беруді талап ете бастаған. Жәбірленуші ақша беруге келіспегенде, О. оны жастықпен тұншықтырған. Одан жәбірленуші есін жинамай сол жерде қайтыс болған.

Содан кейін О. үлбір күртешелерін жымқыра отырып, жалпы сомасы 85 000 теңге болатын материалдық залал келтіріп, қылмыс болған жерден жасырынған.

Сотта сотталушы О. тағылған айыпты ішінара мойындаған.

Сот үкімімен О.-ға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 3), 8) - тармақтарымен  15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, мүлкі тәркілене отырып сотталған. Жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты