2017 жылы 12 мамырда Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештайдың интернет-мәслихаты өтеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі 2017 жылдың 12 мамырында сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін Алматы қаласының тұрғындары үшін сот органдары қызметінің қол жетімділігі, ашықтығы мен мөлдірлігі қағидаттарын қамтамасыз ету мақсатында Алматы қалалық сотының төрағасы А.Ж.Ештайдың интернет-мәслихаты өтетіндігін хабарлайды.
 
Мәслихат тақырыбы төмендегідей бағыттарды қамтуы мүмкін:
- Алматы қалалық соты мен Алматы қаласы соттарының қызметі;
- азаматтар мен заңды тұлғалардың сот төрелігіне қол жетімділігін қамтамасыз ету;
- сот жүйесінің ақпараттынық қызметтерін тәжірибеде қолдану;
- сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу сұрақтары бойынша;
- «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде сот жүйесіне арналған «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» екінші институционалдық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша туындайтын сұрақтар;
- кадр саясаты бойынша сұрақтар.
 
Барлық сұрақтар мен өтініштер, Алматы қаласы соттарының қызметіне және басқа да салаларға қатысты болуы мүмкін.
Сұрақтар мен өтініштерді төмендегі сілтемеге жолдай аласыздар: http://almaty.sud.kz/rus/node/add/question
 
Мәслихат «сұрақ-жауап» түрінде қашықтықта өтетін болады.
Сіздердің сұрақтарыңызға жауап алуды жылдамдату мақсатында, сұрақтың нақты және қысқа нұсқада білдірулеріңізді сұраймыз.
Алматы қалалық соты құқықтық қауымдастықтың өкілдерін, сондай-ақ сұхбатқа мүдделі барлық тұлғаларды шақырады.
Барлық сұрақтар мен өтініштерге жауаптар сол күннің ішінде қалалық сотының интернет-қорында орналастырылатын болады.

 

Источник: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі