200 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 345 бабының 1 бөлігімен (автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы) айыпталған Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, 13 маусым 2017 жылы сағат 23.50 шамасында жүргізуші Т. «SSANG» маркалы автокөлігін басқарып, Мустафин көшесімен оңтүстік бағытта қозғалып келе жатып, Біржан көшесінің қиылысында, Қазақстан Республикасының жол жүрісі қағидаларының 13-тарауының 5-тармағының талаптарын бұза отырып, солға бұрылған кезде Мустафин көшесімен солтүстік бағытта тура жүріп келе жатқан жүргізуші Н., басқарған «LEXUS RX 330» маркалы автокөлігімен соқтығыс жасады. Артынша, «SSANG» автокөлігі инерция бойынша Мустафин көшесін бөліп тұрған бөлу бақшасының арасынан батыс бағытта шығып қалып, Мустафин көшесінің бойымен оңтүстік бағытта келе жатқан «TOYOTA AVENSIS» маркалы О.-ның басқарған автокөлігімен соқтығыс жасаған.

Аталған жол-көлік оқиғасының нәтижесінде «LEXUS RX 330» маркалы автокөлігінің жолаушысы Ә.-нің денсаулығына зиян келтірілген.

Сот мәжілісінде сотталушы Т. кінәсін толық мойындап, болған оқиғаға өкініш білдірген.

Сот үкімімен Т.  Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған көлік құралын басқару құқығынан 2 жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, 200 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты