12 миллион теңге көлеміндегі қарызды өндіру туралы дау медиациямен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Сбербанк» АҚ жауапкер «R» ЖШС, А.Л. және Д.Л. өтелмеген қарызды және мемлекеттік бажды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Жоғарыда аталған азаматтық іс бойынша сот мәжіліс барысында тұлғалардан медиациялық келісімді бекіту туралы жазбаша арызы түсіп, оны бекітуді сұрады.

Осы сот медиациясы бойынша тараптар, жауапкерлер «Rainbow AM travel» ЖШС, А.Л. және Д.Л., 12 070 050 теңге құрайтын қрызын және 362 102 теңге мемлекеттік бажды келісімде көрсетілген кестеге сәйкес толық мөлшерде өтеу туралы белгіледі.

Сот медиациялық  келісімді бекіту алдында тараптарға оның құқықтық салдарын түсіндірді.

ҚР АІЖК-нің 174 бабының 1 бөлігіне сәйкес, сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі.

ҚР АІЖК-нің 277 бабының 6 тармақшасына орай, егер тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе сот өндірісін тоқтатады.

Сот келісімді медиациялық тәртіп бойынша бекітті.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Медеу аудандық сотының баспасөз қызметі