Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Журналистер күні - демократиясы дамып, өркендеп келе жатқан Қазақстанның қоғамына ерекше күн болып тұр. Еліміздің алдағы қарышты қадамын демократиямен, қоғамның ашықтығымен байланыстыра отырып, еркін қалам тербеген журналистердің өңірімізде құқықтық мәдениеттің қалыптасуына да өз үлестерін қосып, сот жүйесіндегі жағымды жаңалықтарды бұқара халыққа жеткізудегі еңбектері өлшеусіз.

«Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы зор», деген екен Алаш ардақтысы Міржақып Дулатов. Осы бір ғана сөзден-ақ журналистика мамандығының құдіретін сеземіз.

Дәрігер жанның емшісі болса, журналист жаңалықтың жаршысы. Әрдайым осы қоғамның, соның ішінде сот жүйесіндегі маңызды оқиғаларды жариялаудағы қажырлы қызметтеріңізге жеміс тілейміз! Ары қарай да сіздермен жұмыс жасап, сот жүйесіндегі жағымды жаңалықтарды халыққа жеткізіп, шығармашылық байланыста болатынымызға сенемін.

Құрметті журналистер, қаламдарыңыз қарымды, денсаулықтарыңыз мықты, жаңалықтарыңыз қызықты болсын! Барлықтарыңыздың шығармашылық шабыттарыңыз сарқылмасын! Сіздерге мықты денсаулық, біздің гүлденген Қазақстанымыздың ынтымағы мен үйлесімділігіне жету жолындағы еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз!

Мейрамдарыңызбен!