Архив событий

27/07/2018

«Ашық есік күні»

27/07/2018

Алматы қаласы Алмалы ауданының № 2 аудандық сотында аудан тұрғындары үшін сұрақ-жауап түрінде «Ашық есік күні» өтті. Іс-шараның басты мақсаты – интернет –ресурсындағы «Сот кабинеті» сервисы.

«Сот-психологиялық сараптаманың сапасын арттыру»

27/07/2018

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ғимаратында сот қызметкерлері және «Тең құқық институты» қоғамдық қор президенді Маргарита Ускембаеваның, «Мен» психологиялық орталығының басшысы Жомартқызы Маржан Еликулованың қатысуымен «Сот-психологиялық сараптаманың  сапасын арттыру» атты тақырыбында дөнгелек үстел өткізді.

Отырыс өтті

27/07/2018

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қызметкері, ҚР адам құқығы бойынша ұлттық орталықтың басшысы С.Ж.Оспановтың, ҚР Еуропалық одақ өкілдігінің жобалары менеджері Г.Дюсупованың, Алматы қаласы Әділет басқармасы басшысының орынбасары К.Б.Базарбаевтың, Алматы облысы Іле ауданы маслихатының хатшысы Р.М.Абилованың қатысуларымен «Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандарға қатысты сот әділдігін жүзеге асыру жүйесін  жетілдіру, бікті құқықтық көмекке халықтың осал тобының қол жетімділігі деңгейін арттыру» жобасы негізінде  үйлестіру кеңесі өткізілді.

Үкіметтік емес ұйыммен кездесу

27/07/2018

Алматы қаласы Әуезов аудандық соттың төрағасы Қанат Сырлыбаевтың жетекшілігімен және «Халықаралық құқық қорғау орталығы» Медиация орталығының кәсіби медиаторлары қатысуымен «Медиация қылмыстық сот ісін жүргізуде " тақырыбында семинар өтті.

«Ақшалай түрде моральдық зиянның өтемақысына қатысты дауларды шешу туралы азаматтық істер бойынша сот практикасы, құқық қолдану практикасындағы проблемалар»

27/07/2018

Бүгін Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында «Ақшалай түрде моральдық зиянның өтемақысына қатысты дауларды шешу туралы азаматтық істер бойынша сот практикасы, құқық қолдану практикасындағы проблемалар» атты тақырыпқа дөңгелек үстел өткізілді.                                Аталған іс-шараға, аудандық соттың судьясы Н.Ж. Кудиярбеков, сот қызметкерлері және Алматы қалалық адвокаттар коллегиясының өкілі  Б. Жолдыбаева қатысқан болатын. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ

27/07/2018

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 346 бабының 1 бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа берілген  И.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.