Архив событий

31/07/2017

Қарыз соманы өндірілді

31/07/2017

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер «МКҰ СoolMoney»   ЖШС-нің жауапкер  М.-дан  қарыз соманы өндіру туралы азаматтық  іс  қаралды.

Талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды

31/07/2017

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер С. жауапкер Т.-дан  қарыз соманы  өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

2016 жылдың қазан айының 11-і жұлдызында жауапкер талапкерден  2016 жылдың қараша айының 20-ы жұлдызына дейін қайтаруға міндеттеліп 3 400 000 теңге сомасын қарызға алған.

Қаулы заңды күшіне енді

31/07/2017

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында ұялы телефонды ұрлағаны үшін К.- ға  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Тараптар татуласты

31/07/2017

Алматы қаласында  банкілік карталарды ұрлауға оқталғаны үшін  медиация тәртібімен тараптар өзара келісімге келулеріне байланысты В.С.- қа қатысты қылмыстық іс қысқартылды.

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында банкілік карталарды ұрлауға оқталғаны үшін В.- ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

31/07/2017

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 126 бабы 3 бөлімі  2 тармағы, 308 бабы 2бөлімі, 309 бабы 2 бөлімі 1,2-тармақтары, 28 бабы  5 бөлімі, 125 бабы  3 бөлімі  2 тармағы бойынша айыпталған С. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығын көтередi

31/07/2017

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нің жауапкер Е. қатысты жылыту және ыстық сумен қамтамасыз еткені үшін қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс  қаралды.

«Қашықтағы сот процессі»

31/07/2017

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Бейнеконференция режиміндегі байланыс» тақырыбында лекция өткізілді.

Соттың бас маман-сот отырысының хатшылары К.Нусыпаева және А.Шаяхметова баяндама жасады.

Арызданушының талабы дәлелді

31/07/2017

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотымен А-ның заңдық фактіні анықтау туралы  арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

«Азаматтардың сот жүйесіне сенім деңгейін көтеру»

31/07/2017

 Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шараға сот судьялары, сот кеңсе меңгерушісі Р.Едилов, Алматы қаласы Алмалы ауданының тұрғындары  қатысты.

Талап арыз қанағаттандырылмады

31/07/2017

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен ЖеАҚ-ның жауапкер «Б» ЖК-н мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарынан анықталғандай, талапкер мен жауапкер арасындағы құқықтық қатынастар тауарды мемлекеттік сатып алу келісім шартының негізінде пайда болған. Келісімнің 1.1, 2.1 тармақтарының шарттарына сәйкес, жеткізіп беруші келісім шарттың қосымшаларында көрсетілген шарттарда, талаптар мен бағасы бойынша қызмет көрсетуге міндетті, ал тапсырыс беруші келісімнің шарттары негізінде көрсетілген қызметті қабылдап алуға және төлемін жасауға, егер жеткізіп беруші келісім шарт бойынша өз міндеттерін тиісті орындаған жағдайда. Келісім шарттың жалпы сомасы 1 250 000 теңге.

Сатып алынатын тауар тізбесінде көрсетілген: «Жүк автокөлігін жүргізушісімен жалға алу қызметін көрсету», қосымша сипаттамасында: «Университет аумағынан қоқысты шығару үшін автокөлікті жалға алу», 31 желтоқсан 2017 жылға дейінгі мерзімге.

Техникалық сипаттаманың 2-тармағына сәйкес, құрылыс және басқа да қоқыстарды шығару қызметін ұсынатындар үшін, құрылыс және басқа да қоқыстарды шығару кестесі тапсырыс берушінің сұранымы бойынша жасалады.

Заңның 43-бабының 23-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарт орындалған болып саналады, егер тапсырыс беруші және жеткізіп беруші келісім шарт бойынша өз міндеттерін толық орындаған жағдайда.

Сонымен бірге, сот отырысында анықталғаны, тапсырыс беруші қоқысты шығару үшін орындушыға сұраным жібермеген, осылайша, заң талаптарын және келісімнің шарттарын бұзған. Берілген мән-жай  тапсырыс берушінің міндеттерден жалтарғанын дәлелдейді, соның нәтижесінде жеткізіп берушінің келісімнің шарттарын орындамауына әкелді. Талапкер өкілі сот отырысында бәрілген мән-жайды жоққа шығарған жоқ.

 Сонымен қатар, талапкермен келісімнің шарттарын және орындаушыға қоқысты шығару туралы сұранымның жіберілгендігі туралы дәлелдер ұсынылған жоқ. Керісінше, іс материалдарымен тапсырыс берушінің әрекетсіздігі дәлелденген, кесірінен келісімнің шарттары орындалмаған.

 Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылмады.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

«Молекулярлы-генетикалық сараптама тағайындау бойынша сұрақтар»

31/07/2017

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Молекулярлы-генетикалық сараптама тағайындау бойынша  сұрақтар» атты тақырыпта семинар өткізілді.

Семинарды мемлекетпен берілген лицензия негізінде сот сараптамасын іске асыратын сот сарапшысы А.Сыздыкбекова өткізді.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру

31/07/2017

Алматы қаласы Алатау аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 106 бабының 1 бөлігімен сотқа берілген  Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмысты жасауда кінәлі деп танылды

31/07/2017

Алматы қаласының Алатау аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190 бабының 2 бөлігінің 2 тармағымен сотқа берілген Ж.-қа қатысты  қылмыстық  іс қаралды.

Басты сот талқылауында анықталғандай, 2016 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларының ішінде, Ж. бірнеше рет адамдарды алдап алаяқтық жолмен мүліктерін жымқырған.

Арыз қанағаттандырылды

31/07/2017

Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотымен арызданушы А.-ның мұраны қабылдау үшін мерзімді қалпына келтіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарынан, 2016 жылы арызданушының ағасы Б. қайтыс болғаннан кейін, жер телімі бар тұрғын үй түрінде мұра ашылған.

Жауапкер өзіне жүктелген міндеттерді уақытылы орындамаған

31/07/2017

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотымен талапкер Ж.-мен жауапкер  С-ға берген қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны бойынша, 2017 жылдың 01 мамырда талапкер мен жауапкердің арасындағы несие беру келісім-шартына сәйкес жауапкерге 17 490 000теңге көлемінде тұтынушылық несиесі берілген.

Жәбірленуші талап-тілекпен жүгінді

31/07/2017

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен сотқа берілген И.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

2017 жылғы 5 ақпанда сағат 15.00 шамасында И. Алматы қаласы Ақжар ықшауауданы Жастар көшесінде тұратын танысы Н.-ның үйінде болғанда, оны ешкім бақылап тұрған жоқ екендігін пайдалана отырып, Н.-ға тиесілі құны 55 000 теңге болатын «Iphone-4» маркалы ұялы телефонды ұрлап, оқиға орнынан бой тасалған.