Сұрақ-жауап

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Келушілердің назарына!

Құрметті сайтқа келушілер, жеке жағдайлар және нақты істер бойынша, сонымен қатар шығарылған сот актілері бойынша сот түсіндірме бермейді, заңнама бойынша да түсіндіру жұмыстары жүргізілмейді.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша білікті заң көмегін алу үшін заң кеңесіне жүгіну қажет.

Жиі қойылатын сұрақтар тізімі:

1. Мен осыдан үш ай бұрын жол оқиғасына түскен едім. Менің көлігімді соққан адам кінәлі болып табылды. Сотқа шақыру келген кезде қаладан тыс жерде жұмыста болып бара алмадым. Маған келген залал өндірілген жоқ. Мен қандай жолмен шыққан шығынды қалпына келтіре

- Сіз соттан әкімшілік іс бойынша шығарылған қаулыны алып, көлігіңізге қатысты құжаттармен бірге Ақтөбе қалалық сотына жол оқиғасынан келген шығынды өндіру туралы талап-арыз беруге құқылысыз.

 

2. Саламатсызба, мен Ақтөбе қаласының тұрғынымын. Менің 2012 жылы правамды 2 жылға лишать етті. Правамды уақытынан ерте алуыма болама? Ол үшін мен қайда баруым керек? Ахметов А.А. 

- Сіз жүргізушілік куәлігіңізді  сот қаулысына сәйкес 2 жыл уақыт өткеннен кейін ғана ала аласыз, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде аталған жазаны жеңілдету қарастырылмаған.

 

3. Жылжымайтын мүлікті уақытылы теркемесемде жауаптымынба?айыппул канша болады екен?сот процесіне қатыспауга болама?

- ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 9 бабына сәйкес, адам құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшін заңдық факт басталған, оның ішінде шартты нотариат куәландырған, сот шешімі күшіне енген, өзге де құқық белгілеуші құжаттар берілген сәттен бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтішінпен жүгінуге тиіс. Cондықтан Сіз нотариуспен жасалған шартты жасағаннан кейін 6 ай ішінде Әділет органдарына барып тіркетуіңіз керек еді. Ол мерзім өтіп кеткендіктен Әділет органдарының Сізді әкімшілік жауапқа тартуы заңды.