Сот тарихы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өзінің тарихын Қазақстан Республикасы Президентінің 29 желтоксан 2009 жылғы № 910 Бұйрығының 3 бабы 1 тармағы, 6 бабы 1 тармағы, 10 бабы 1 тармағы, 31 бабы 8 тармағына сәйкес,2010 жылдың 1 қаңтарындағы алғаш өзінің кіріспе әрекетін бастаған Алматы қаласында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотын құру туралықаулы еткен 2000 жылдың 25 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және сот мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституцилық заңынан бастау алады.

2010 жылдың басында ғимарат пайдалануға берілді. Алғашында сот 2 судьядан тұрды, олар: Калмагамбетов К.С. және Аргимбаева А.С. 2010 жылы Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құрылған күннен бастап оның төрағасы Мамытов Бұлытбай Мамытұлы болып табылған, 2015 жылдан бастап сот төрағасы Кәкімжанов Мартпек   Әшімұлы тағайындалған,  2020 жылдан бастап сот төрағасы Асхат  Інкәрбекұлы Әшірбеков  тағайындалған.

Ашылған күнінен бастап сотта Біріңғай Автоматтандырылған Ақпараттық-Талдау Жүйе бағдарламасы енгізіліп, соттың статистикалық есептері осы бағдарлама арқылы жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда сотта 3 сот отырысы өтетін залдар бар, оның 3-де аудио-видеожазу құрылғыларымен жабдықталған. Судьяның кабинеттері бір ғимаратта, ал сот отырыс залдары екінші ғимаратта орналасқан.

Соттың жұмыс жүйесіне байланысты Алматы қаласының барлық аудандарынан келіп түсетін өте ауыр санаттағы қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты елдегі заңның әділ және заңды орындалуына күнделікті маңызды серпін беретін соттардың бірі болып табылады.