Сот төрағасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әшірбеков Асхат Іңкәрбекұлы 1981 жылы 19 қаңтарында Қарағанды қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды құқықтық институт бітірген, құқық ғылымдарының кандидаты.

Бүгінгі таңда А.І.Аширбековтың судьялық қызметтегі еңбек өтілі 14 жылдан астам уақытты құрайды.

Еңбек жолын 2002 жылы Қарағанды облысында ішкі істер органдарында әртүрлі офицерлер құрамы лауазымдарында бастаған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 30 желтоқсандағы №504 Жарлығымен Қарағанды облысының Жезқазған қалалық сотының судьясы болып тағайындалған.

Кейін Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №999 Жарлығымен Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судья лауазымына тағайындалған.

Одан әрі Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 9 қазандағы №768  Жарлығымен Алматы қалалық сотының судья лауазымына тағайындалған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 21 қазандағы №440 Жарлығымен Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы болып тағайындалды.