Жаңалықтар

Сот сараптамасы мәселелері талқыланды

01/03/2024

Соттың сараптама тағайындауы - істі жан-жақты, толық және объективті қарауға бағытталған, іс бойынша дәлелдемелер алу тәсілі. Бұл процедура істі мәні бойынша шешетін соттың құзырында болады.

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот сараптамалық қауымдастығының өкілдерімен, Алматы қаласының сот сараптамалары институтының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен, жеке сот сарапшылары палатасының мүшелерімен, "TreeGene" сараптамалық мекемесімен және сот судьяларымен кездесу өтті.

Алғыс айту күнімен! Құрметті отандастар!

01/03/2024

Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын!
Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп, ризашылығын білдіреді. Сондай-ақ татулық, ынтымақ, достық сынды қастерлі құндылықтар жан-жақты дәріптеледі. Мұның бәрі ұлтты ұйыстырудың ұтымды жолы екені сөзсіз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Мотивация – тиімді жұмыс істеуге ынталандыру ретінде

26/02/2024

Алматы қалалық сотында кәсіби біліктілік пен мотивацияны арттыру бойынша өткен семинар-тренинг сот қызметкерлеріне өз дағдыларын жетілдіруге, көшбасшылық дағдыларды дамыту, күйзелісті басқару, жанжалдарды шешу және олардың жұмыс ерекшеліктеріне байланысты басқа да маңызды аспектілер бойынша кеңестер алуға тамаша мүмкіндік берді.

Статистиканы қалыптастыру мәселелері бойынша

23/02/2024

Алматы қ. бойынша Сот әкімшілігі департаментінің Алматы қ. бойынша ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі департаментімен кездесуінде азаматтық және әкімшілік істерді қарау жөніндегі есептердің қылмыстық-құқықтық статистикасы саласындағы өзекті мәселелер қарастырылды.

Полиция қызметкері 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

19/02/2024

Алматы қ. әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі сотында ӘҚБтК-нің 608 бабы 3 б. бойынша К.-ға қатысты әкімшілік материал қаралды.

Сот биылғы жылдың қысында К. қызметтік автокөлікті есірткілік мас күйінде жүргізіп, қала көшелерінде жүруі барысында екі автокөлікпен соқтығысқанын анықтады.

Сотта К. іс материалдарында баяндалған фактілерді растады және жасаған ісіне өкініш білдірді.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын тиісті сипатта қорғау үшін

16/02/2024

Алматы қалалық сотында «Сот істеріне қатысатын тұлғалар үшін адам құқықтарының халықаралық стандарттарын қоса алғанда, балалардың құқықтарын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, кездесуге Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі қалалық және мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары, сондай-ақ Алматы қ. бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органының, Алматы қ. Білім басқармасының шақыртылған өкілдері, қаланың аудандық прокурорлары қатысты.

Пайдалы дағдыларды тереңдету үшін

15/02/2024

Алматы қалалық сотында "Эмпатиялық дағдыларды, этикалық қағидаттар мен әділ шешім қабылдау қабілеттерін дамыту" тақырыбында дөңгелек үстел өтті, бұл кездесуге қалалық соттың азаматтық алқаның төрағасы, судьялары, сондай-ақ Алматы қ. кәмелетке толмағандар істері  жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы мен судьялары қатысты.

Кездесу барысында "Құқық" қоғамдық қорының психологы Әсем Бутабаева, балалар психологы Динара Буканова, отбасылық психолог Кенжехан Төлегенова тренинг өткізді.

Жалдамалы пәтердегі қылмыс

15/02/2024

Алматы қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тонау, бопсалау және пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру фактісі бойынша Т. және Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 126 б., 3 б., 2 т., 191 б., 2 б., 1, 3 т., 194 б., 2 б., 1,2 т.).

Сот анықтады

Беттер