Сот атқарушылық іс жүргізу шеңберінде борышкердің кепілге қойылған мүлкін сату бойынша аукционды жарамсыз деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Алатау аудандық сотымен талап қоюшы А. -ның жауапкерлер Банкке және жеке сот орындаушысы Б. -ға борышкер В. -ның мүлкін сату бойынша аукционды және сату -сатып алу келісімін жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап арызда мүлікті өндіріп алу кезінде ерлі -зайыптылардың ортақ мүлкіндегі оның үлесі бөлінбегені  себеп болып көрсетіліп уәжделген.

Сот талқылауы кезінде ерлі -зайыптылар А. мен Б. -ның мүлкі А -ның келісімінсіз В. -ның несиелік міндеттемелері бойынша банкте кепілге қойылғандығы анықталды.

Заңды күшіне енген сот актілерімен қарыз алушы В. мен Банк арасында жасалған кепіл шарты талапкер А. -ға тиесілі үлестің 1/2  бөлігінде жартылай жарамсыз деп танылды, осы жағдайларға қарамастан, сот орындаушысы меншікке үлестік қатысушынының жеңілдікпен сатып алуын есепке алмай, мүлікті тұтастай сатқан.

Осыған байланысты, Алматы қаласы Алатау аудандық сотының 2021 жылғы 12 қазандағы шешімімен кепілге қойылған мүлікті сату бойынша аукцион және Банк-сатып алушы мен сот орындаушысы арасында жасалған сату-сатып алу шарты жарамсыз деп танылды.

 

 

Источник: 
Алматы қаласы Алатау аудандық сотының баспасөз қызметі.