Киберқылмыс үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Алматы қаласының аумағында меншікке қарсы қасақана ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасаған К. - ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, 2011 жылдың соңында  Алматы қаласындағы МКҚК (мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын) шотынан "Интернет-банкинг" ақпараттық жүйесіне заңсыз қол жеткізуі арқылы  адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша  аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрланған.

Қылмыстық пиғылды жүзеге асыру үшін сотталушы  өзінің досынан  ұрланған ақша қаражатын банк есеп шотына түсіру және оларды алу пиғылымен ЖШС ашуға және ресімдеуге болатын адамды табуды сұрайды.  Ол үшін ақшалай сыйақы беруге уәде береді. ЖШС тіркелгеннен кейін К. өзінің досы мен фирма бенефициарына 500000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатпен алғысын білдіреді. Сондай-ақ, оларды фирма жұмыс істемейтініне және есептер уақтылы берілетініне сендіреді. Осылайша, К. МКҚК-ға жалпы сомасы 42 300 000 теңге көлемінде залал келтірді.

Сот үкімімен К.ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған  қауіпсіздігі орташа  қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушының кінәсін жеңілдететін мән-жайлар ретінде  кішкентай баласының бар екендігі және алғаш рет қылмыстық жауаптылыққа тартылып жатқандығы  ескерілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Бостандық ауданының №2 аудандық соты