Бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Қаңтар айының 6-нан 7-не қараған түні Қарағанды қаласының 23 жасар тұрғыны Райымбек даңғылы, №239Г  мекен-жайы бойынша  орналасқан  «Maxima» ойын-сауық кешенінің жанынан  кетіп бара жатқанда, терезелерінің сынып жатқанын көреді.

Сотталушы кешеннің ішіне кіріп, екінші қабатта орналасқан «Prato» дүкенінен

құны 33 333 теңге болатын «IPhone 6» маркалы ұялы телефонын жымқырып кеткен.

Мұнымен тоқтамай, бірнеше минуттан соң ол «Monamie» дүкенінен құны 30 351 теңге  «Dior» иіс суының 2 флаконын ұрлап кеткен.

Бұл әрекеттер сотпен ұрлық, яғни қоймаға заңсыз кіру арқылы бірнеше рет жасалған бөтеннің мүлкін жымқыру деп танылды.  (ҚР ҚК-нің 188 б. 3 б. 2,3 т.)

Сотталушы өз кінәсін мойындап, басқа адамдардың дүкендерден зат алып жатқанын көрген соң өзі де кіріп, тауарды ұрлағанын  алға тартты.

ҚР ҚК-нің 188 б. 3 б. 2,3 т. бойынша екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

  Сот оның жастығын, кінәсін мойындағанын, шын ниетпен өкінгенін және бірінші соттылығын ескере отырып, минималды 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын  тағайындады

 Ол сот залында қамаудан босатылды.  Сотталғанның күзетпен ұсталған уақытының бір күні бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеудің екі күні есебімен есепке жатқызылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотының баспа қызметі