Алматы қалалық сотында судьялардың Kazakhstan Bar Association өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Іс-шараға Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіканов, сот алқасының төрағасы Бақыт Қасейінов, қалалық сот судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары,
Kazakhstan Bar Association заң кеңесшілер палатасының басқарушы кеңесі төрағасы Айгүл Кенжебаева және коммерциялық дауларға мамандандырылған заңгерлер қатысты.

Іс-шара ПЮК Kazakhstan Bar Association бастамасымен өтті.

Дөңгелек үстел барысында сот төрелігінің тиімділігін арттыруға бағытталған соттардың құқықтық қоғамдастықпен өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ даулардың жекелеген санаттары үшін бірыңғай тәжірибені қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың алдында сөз сөйлеген Алматы қалалық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов сот қауымдастығы сот тәжірибесінің біртұтастығын қалыптастыруда құқықтық қоғамдастықпен ынтымақтастық жағдайында бірлесе жұмыс жасауға  дайын екендігін атап өтті. Шаруашылық даулар - бұл заңнамадағы өзгерістерге жиі ұшырайтын даулар. Бұл шарттық міндеттемелерден туындайтын және салықтық, банктік, жер  дауларға қатысты.

Н.Әбдіқанов даулы мәселелерді шешудің ортақ көзқарастары мен бірыңғай тәсілдерін орнату үшін жемісті ынтымақтастық қажеттігіне сенім білдірді. Спикер дөңгелек үстел барысында әзірленген ұсынымдар мен ұсыныстар сот тәжірибесін қорытуды дайындауға  құрылған жұмыс тобының практикалық жұмысының тақырыбы болады деп атап өтті.

Кездесу барысында Kazakhstan Bar Association басқарушы кеңесі төрағасы А.Кенжебаева азаматтық істер бойынша сот өкілінің мәртебесі туралы баяндады.

«Сот пен заңды қоғамдастық арасындағы қарым-қатынас бірінші кезекте құрмет пен сенімге негізделуі керек. Кәсіби білікті өкілдерді сот төрелігі көмекшісі ретінде қабылдау керек. Сонымен бірге, сотта істің барлық мән-жайларын жан-жақты және толық зерделеп, заңды шешім шығару үшін,  олар іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін пайдалана отырып, адал әрекет етуге міндетті.

Соттағы өкілдер деректер мен құқық мәселелері бойынша адастыруды болдырмайды, жалған мәлімдеме жасамайды, жалған дәлел келтірмейді, іс бойынша негізсіз кешіктірулерден аулақ болуға және негізсіз талаптарды келтірмеуге тиіс. Заңгер мамандығының беделіне  және азаматтардың сот жүйесіне деген сеніміне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерден аулақ болуларыңыз керек.

Ол сондай-ақ, сот тарапынан кәсіпқой өкілдердің тәуелсіздігін, қол сұғылмаушылық және кәсіптік құпияларды сақтау кепілдігімен,  соттың  жағынан да сенімнің қамтамасыз ету керектігін атап өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар бірыңғай құқық қолдану тәжірибесін қалыптастыру қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді.

Алматы қалалық сотының сот тәжірибелерін қорытындылау жұмысына заңгерлік қоғамдастықты тарту туралы шешім қабылданды. Қалалық сот, өз кезегінде, алдағы жинақтар үшін тақырыптарды жариялайды.

Заңгерлер мен ғылыми-құқықтық саланың өкілдері жинаған ұсыныстардың негізінде жинақтау қызметі бойынша жұмыс топтары сот сайтында жарияланады.

Источник: 
Пресс-служба Алматинского городского суда