Алқабилер кәмелетке толмаған жасөспірімді ақтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының МАҚС-да досын өлтіріп, ақша ұрлады деп айыпталған кәмелетке толмаған Р.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот кәмелетке толмаған сотталушы Р.-ның кәмелетке толмаған досы С.-мен кездесіп, араларында қарызға байланысты жанжал туындап, оның соңы төбелеске ұласқанын анықтады. Нәтижесінде Р. С.-ны аяқ киімінің бауымен тұншықтырып өлтіріп, кейін оның банк картасын ұрлап, дүкенге барып 28000 теңгесін жұмсап, залал келтіргені үшін айыпталды.

 Сотта прокурор мен жәбірленушілер айыптауды толық қолдап, Р.-ны 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Айыптаушы тарап айғақ ретінде қамауға алынғаннан кейін сотталушының кінәсін мойындауын, қылмыс құралы – сотталушының ДНҚ іздері табылған жәбірленушінің кроссовкасынан шілтерді, жәбірленушінің төлем картасындағы сотталушының сатып алған заттары туралы мәліметтерді және басқа да құжаттарды ұсынды.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындамай, кісі өлтіру кезінде жәбірленушінің қоғамдық орында болғанын, оны әртүрлі адамдар көрген деген нұсқаны алға тартты. Сотта куәгерлер сотталушының олармен бірге ойын алаңында болғанын растады. Жәбірленушінің сотталушыға банк картасын пайдалану үшін бұрын тапсырғанын да анықтады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында сотталушы Р., өз кінәсін мойындаудан бас тартып, тексеру бұл фактіні растамағанымен, оған физикалық қысым жасалғанын түсіндірді.

Алқабилер жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Р.-ны кісі өлтіру және ұрлық жасағаны үшін кінәлі емес деп танып, қылмыс жасауға қатысқаны туралы айғақтардың жоқтығы үшін ақтады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі