Сот тарихы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

1936 жылы Алматы қаласының орталық бөлігінде Сталин ауданы құрылды. 1961 жылы ол Совет ауданы болып қайта аталды. 1969 жылы Алматы қалалық соты құрылған кезде, Совет ауданында М.Н.Никитина басқарған аудандық халық соты жұмыс істеп жатқан еді. 1970 жылдардың ортасында сотты судьялық өтілі 30 жылды құрайтын О.Ф.Орлова басқарды. Кейін оның орнына В.И.Найденов келді. Сот төрағалары болып В.А.Федосова, В.И.Пономарева, Н.Н.Момбековтер сайланды.

Қазақстан Республикасының заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне және Алматы қаласы аудандарының қайта аталуларына байланысты 1997 жылы Совет аудандық соты Алмалы аудандық соты деп аталып, Шевченко көшесі 106 «а» мекен-жайында орналасты. 2000 жылдың мамыр айында аудандық сот Шәріпов көшесі 62 мекен –жайындағы ғимаратқа көшті.

Сот тарихы

1999-2002 жылдар аралығында сот төрағасы С.С.Молдабаев болды, ол қазір заң ғылымдарының докторы, ҚР ІІМ оқу мекемелері жүйесінде жұмыс істейді. Одан кейінгі алты жыл ішінде сотты Н.З.Сеитов басқарды. 2008 жылдың желтоқсанынан бастап сотты А.Ж.Шәмшиев басқарды.2013 жылдың сәуір айынан бастап сотты Қ.С.Бұқбанова басқарды.  2015 жылдың қараша айынан бастап сотты Қ.С. Әріпов басқарады.

Алмалы аудандық соты қадрлар шеберханасы деп есептеледі. Бір кездері мұнда қазіргі ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Л.Г.Полтарабатько, қазіргі Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының орынбасары О.А.Назаренко секілді сот жүйесінің және басқа құқық қорғау органдарының еңбек сіңірген қызметкерлері іс жүргізуші, архивариус, хатшы және сот орындаушылары ретінде өз жұмыстарын бастаған. Алматы қаласы Совет аудандық сотының судьялары болып Ж.Б.Кутубаева, В.П.Савков, Н.П.Орлова, С.А.Касимов және басқа Алмалы аудандық сотының қалыптасуы мен дамуына өз үлескерін қосқан судьялар жұмыс атқарды.